Amanat партиясының коворкинг залында облыстың бала құқықтары жөніндегі уәкілі жанындағы жастар кеңесінің мүшелігіне үміткер кандидаттармен кездесу өтті. Жастар кеңесінің төрағасы әрі спикер Ракишев Ернар жастар кеңесінің жұмысына ,жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталды. Кездесу «тең — теңімен» негізінде өтті. Кездесудің соңғы нүктесінде балалар жалпы суретке түсіп, барлығы жағымды эмоцияларға бөленді. Біздің мектеп — интернаттан кандидаттыққа 10А сыныбынан Қадырхан Сержан мен Шахаев Нұрсұлтан өтті.